Фристайл-акробатика: қазақстандық спортшылар Олимпиаданың финалына өте алмады
© Сурет: olympic.kz
Фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиадада сынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Роман Иванов, Асылхан Асан, Дінмұхаммед Райымқұлов және Шерзод Хаширбаев алғашқы іріктеу кезеңінде бақ сынады.
Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Роман Иванов өзінің үздік мүмкіндігінде 105.75 ұпай жинап, жалпы есепте 13-орынға жайғасты. Шерзод Хаширбаев үздік талпынысында 98.67 ұпай еншілеп, 16-орынға ие болды. Ал Асылхан Асан 93.21 ұпаймен 18-орынға тұрақтаса, Дінмұхаммед Райымқұлов 90.50 ұпаймен 19-орыннан көрінді.
Осылайша отандастарымыз финалға өте алмады. Айта кетейік, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша үздік 12 спортшы финалға жолдама алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:14, 13 қыркүйек 2026
US Open чемпионы атанған Рыбакина қанша табыс тапқаны белгілі болды
-
09:48, 13 қыркүйек 2026
«Әлі де сене алар емеспін!». US Open-2026 чемпионы атанған Рыбакина жеңісіне қатысты өз әсерімен бөлісті
-
09:08, 13 қыркүйек 2026
Тоқаев Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
-
03:39, 13 қыркүйек 2026
Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!
-
15:52, 12 қыркүйек 2026
Ахмади Маханов Астанадағы J300 турнирінің чемпионы атанды





