Фируза Шарипованың келесі қарсыласы белгілі болды

18:00, 17 мамыр 2017

Отандасымыз келесі кездесуін 27 мамыр күні өткізеді. 

Кәсіпқой бокстағы бұрымды боксшымыз Фируза Шарипованың (4-1, 2 КО) 27 мамыр күні Мәскеуде өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы AllFight.Ru порталы Shamo Boxing Promotions компаниясына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фируза Шарипова өзінің келесі кездесуін ресейлік Ольга Забавинаға қарсы өткізеді. Ресейлік боксшы кәсіпқой бокс шаршы алаңында алты кездесу өткізген. Ал бұл отандасымыз үшін де алтыншы кездесуі болмақ. 

Жекпе-жек жартылай жеңіл салмақ, яғни 89 келіде (130 фунт) он раундтық жүйе бойынша өтеді. 

Айта кетейік, 27 мамар күні Мәскеудегі бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде ресейлік Максим Власов пен танзаниялық Бэнк Мвакалебэл арасындағы жекпе-жек болмақ. 
 

Дереккөз: massaget.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!