Елена Рыбакина WTA чемпиондар жарысында көш бастап тұр
© Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің ширек финалында жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмағанына қарамастан, WTA қорытынды турниріне жолдама үшін өтетін чемпиондар жарысында бірінші орында тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазір оның қоржынында 5492 ұпай бар.
- Екінші орында Беларусь өкілі Арина Соболенко – 5185 ұпай.
- Үшінші орында ресейлік Мирра Андреева – 5184 ұпай. Ол Соболенконан небәрі 1 ұпайға қалып келеді.
- Төртінші және бесінші орындарда америкалық теннисшілер Джессика Пегула – 5045 ұпай және Коко Гауфф – 4874 ұпай.
- Алтыншы орында украиналық Элина Свитолина – 4679 ұпай.
- Жетінші және сегізінші орындарда чехиялық Каролина Мухова – 4270 ұпай және Линда Носкова – 3804 ұпай.
- Тоғызыншы орында Украина өкілі Марта Костюк – 3610 ұпай.
- Үздік ондықты польшалық Ига Швёнтек 3344 ұпаймен түйіндеп тұр.
WTA чемпиондар жарысы теннисшілердің осы маусымда жинаған ұпайларын есептейді. Маусым соңындағы қорытынды бойынша WTA финалдық турниріне қатысатын теннисшілер анықталады. WTA-ның ресми мәліметінде де Рыбакина қазіргі таңда Race көшбасшысы ретінде көрсетілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:25, 26 тамыз 2026
Суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы қандай нәтиже көрсетті
-
17:54, 26 тамыз 2026
Құзға өрмелеуден жасөспірімдер арасындағы АЧ: Қазақстан екі қола медаль иеленді
-
17:07, 26 тамыз 2026
Жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионаты: Қазақстан 26 медаль еншіледі
-
16:20, 26 тамыз 2026
«Аль-Наср» Роналдусыз және 10 ойыншымен камбэк жасап, «Аль-Иттифакты» жеңді
-
13:24, 26 тамыз 2026
Скатов US Open-2026 іріктеуінің жартылай финалына өтті және ол Димитровпен кездеседі





