ӘЧ-2021: Қазақстандық балуандар алғашқы күні екі «алтын» еншіледі
© Сурет: Instagram/bolatbek.raimkulov
12 қарашада Ташкентте самбодан 2021 жылғы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыс бастала салысымен қазақстандық спортшылар әлем чемпионатындағы ең мықты командалардың бірі екенін растады. Отандық самбистер төрт медаль (екі алтын, бір күміс және бір қола) иеленіп үлгерді.
Рахат Жананиет пен Гүлдана Әлмұханбетова жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. 64 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Рахат Жананиет ақтық белдесуде тәжікстандық Хушкадам Хусравовты мерзімінен бұрын жер иіскетті.
Алтын медаль үшін тартысты өткен жекпе-жекте 54 келі салмақтағы Гүлдана Әлмұханбетова моңғолиялық Баярма Нехиитбатардан күшті болып шықты.
Мәди Райхан (98 келі) "Жауынгерлік самбо" бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Қазақстандық бірінші орынды ресейлік Расул Магомедовке күш жұмсатпай бере салды, себебі алдыңғы белдесулерде алған жарақаты оның шаршы алаңға шығуына мүмкіндік бермеді.
58 келіде марокколық Ясер Бухессауиге қарсы шыққан Болатбек Райымқұлов қола жүлдені сарапқа салды.
Қуандық Шынасылов
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





