Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысты

12:49, 12 қаңтар 2017

Рио Олимпиадасының жеңімпазы Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты. 

Данияр Елеусінов (69 кг) жақында құрылған MJA Entertainment's промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасты. Басқа мәліметтер әзірге белгісіз.

Осыған дейін де баспасөз беттерінде Данияр Елеусінов және Иван Дычконың жақын күндері кәсіпқой боксшы атанатындары хабарланған еді. Екі боксшы да қазіргі уақытта Ұлттық құраманың Алматы облысында өтіп жатқан жаттығу жиындарына қатысып жатқан жоқ.

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!