Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі қайта өткізілетін болды
© Сурет: pxhere
Жеребе тарту рәсімі 13 желтоқсанда өтеді, басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-ге жоспарланған.
Техникалық қателікке байланысты Чемпиондар лигасының жеребесі қайтадан тартылатын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sport.ru мәліметінше, 13 желтоқсанда Ньонда Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының жеребесі тартылып, оған Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин да қатысты.
Жеребе барысында қате кетті. 1/8 финалда "Вильярреал" мен "Манчестер Юнайтед" командалары қатар шықты, бірақ бір топта бір-біріне қарсы ойнап кеткен болатын, сондықтан олар плей-оффта кездесе алмайды.
Осыдан кейін ұйымдастырушылар түзету енгізді, нәтижесінде Вильярреалға Манчестердің тағы бір дәуі бұйырды, яғни ол Манчестер Ситиге қарсы ойнайтын болады.
УЕФА тексеру жүргізіп, ақырында жеребе тарту туралы шешім қабылданды.
Жеребе тарту рәсімі 13 желтоқсанда өтеді, басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-ге жоспарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:44, 24 қараша 2026
Чемпиондар лигасының басты фавориты анықталды
-
10:49, 24 қараша 2026
Алты нәтижелі пас пен 17 соққы: «Құлагер» қорғаушысы аптаның үздік ойыншысы атанды
-
10:11, 24 қараша 2026
Чемпиондар лигасындағы сәтсіз бастама: «Қайрат» поляк клубына есе жіберді
-
21:04, 23 қараша 2026
Конькимен жүгіру: қазақстандық спортшылар екінші әлем кубогының кезеңінде қалай өнер көрсетті
-
19:30, 23 қараша 2026
Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары кімдер





