Бүгін ойнайтын Қазақстанның әйелдер құрамасының тізімі жарияланды

13:05, 22 қазан 2021

© Сурет: instagram/kff_women

2023 жылғы Әлем чемпионатына іріктеуге Қазақстанның әйелдер командасының құрамы жарияланды. Бас бапкер Калоян Петков Грекия мен Францияға қарсы 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчқа шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

 

22 қазанда сағат 17:00-де Қазақстан құрамасы Грекия құрамасымен кездеседі. Ал 26 Қазанда 21:00-де Францияға қарсы ойнайды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

 

Екі кездесу де "Астана Арена" стадионында өтеді. Қазақстандық футболшылар бұл кездесуге келесі құрамда шығады:

Қақпашылар: Ирина Саратовцева, Ангелина Портнова

Қорғаушылар: Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет, Анастасия Власова, Жансая Козиева.

Жартылай қорғаушылар: Бегайым Қырғызбаева, Фатима Сатығалиева, Ксения Хайрулина, Карина Жұмабайқызы, Мәдина Жанатаева, Әселхан Тұрлыбекова, Айша Садықова

Шабуылшылар: Светлана Бортникова, Алина Лозукова, Сәуле Кәрібаева, Әсел Көбесова.

Бақытжан Отарбаева

 


 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!