Бокстан Астанадағы Әлем кубогы: Алуа Балқыбекова 1/4 финалға өтті

16:02, 2 шілде 2025

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова бокстан елордада өтіп жатқан Әлем кубогы аясында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Дженифер Лозаномен (АҚШ) жұдырықтасты.

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен, қазақстандық боксшы шешуші раундта жеңісті жұлып алды.

Осылайша, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!