«Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды». Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
© Сурет: unsplash
2026 жылғы 20 тамызда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 20 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 20 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 20 тамызда таңертең және күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 20 тамызда оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 20 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, ал облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 20 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 20 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 20 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, ал облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 20 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 20 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан жел екпіні 15 м/с құрайды. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, ал облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 20 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі, ал облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 20 тамызда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, күндіз дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 20 тамызда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында түнде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 20 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады, ал түнде облыстың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 20 тамызда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі деп күтіледі.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 20 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша 2026 жылғы 20-22 тамыз аралығына арналған ауа райының болжамын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:54, 19 тамыз 2026
Қазақстанда гуманоид роботтар өндірісі бір жолға қойылады
-
20:56, 19 тамыз 2026
«Әйел өз үйінде қорқып өмір сүрмеуі керек». ҚМДБ мәлімдеме жасады
-
20:56, 19 тамыз 2026
«Әйел өз үйінде қорқып өмір сүрмеуі керек». ҚМДБ отбасылық зорлық-зомбылықты айыптап, мәлімдеме жасады
-
20:17, 19 тамыз 2026
«Чарльтон Атлетик» стадионында ер адамның денесі табылды
-
19:59, 19 тамыз 2026
Ортақ мақсатқа бір ырғақпен: Түркістанда «Ортақ арна» флешмобы өтті





