Бекман Сойлыбаев пен Фернандо Варгас салмақ өлшеу рәсімін өткізді

23:31, 14 қазан 2017

Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев пен мексикалық Фернандо Варгас жекпе-жекке бір апта қалғанда салмақ өлшеу рәсімін өткізді.

Екі боксшы да екінші жартылай жеңіл салмақтың талабын орындады.

Қазанның 20-сы күні Астана уақытымен таңертең қазақстандық Бекман Сойлыбаев Лас-Вегаста өтетін Golden Boy Promotion жекпе-жек кешінде екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық белбеуін қорғайтын болады. Қарсыласы кәсіпқой бокста 47 айқас өткізіп, соның 32-інде жеңіске жеткен мексикалық Фернандо Варгас.

Естеріңізге сала кетейік, екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінің лимиті – 130 фунт, яғни 58,9 келі. Бекманның салмағы тура осынша келіні көрсетті. Ал Варгасқа айқасқа дейін әлі де бір келі тастау қажет. Оның салмағы 60 келі.

Жалпы бүгінде Бекман Лос-Анджелесте Эрик Браунның қарамағында жаттығуда. Бұл оның кәсіпқой шаршы алаңдағы 12-ші жекпе-жегі болмақ. Бұған дейінгілердің барлығында жеңіске жетіп, оның төртеуінде қарсыласын нокаутқа түсірген.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!