Бақтияр Артаев: Мүмкіндігі шектеулі балаларға көңіл бөлу әркімнің парызы

22:35, 13 ақпан 2017

Мүмкіндігі шектеулі балаларға көңіл бөлу әркімнің парызы. Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев осындай пікірде.

Былғары қолғап шебері сөзін іспен дәлелдеп жүр. Жаңа жыл қарсаңында Аяз атаға хат жолдап, Артаевпен кездесуді армандаған Әмір Құсайыновтың тілегі орындалған. 

Спортшы оған былғары қолғап сыйлап, қайтып оралатынын айтқан еді. 

Бүгін сөзінде тұрды. «Кумирімен» көрісуге Әмірдің достары да жиналды. 

Енді балғындар басқа да атақты спортшылармен кездессек деп армандайды.

Әмір Құсайынов, жанкүйер:

-Это была моя мечта. Мечта встретится с олимпийскими чемпиономи мира. Теперь у меня мечта встретится с Данияром Елеусиновым. 

Бақтияр Артаев, Олимпиада чемпионы:

-Бірінші рет Әмірмен кездескен кезде оның ынтасын көріп, бұларға кішкене болса да біздің септігіміз тисін деп, осыларға қолдан келгенше қолдау жасау керектігін түсіндім. Бұл әр адамның парызы деп ойлаймын.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!