Астанада пара дзюдодан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

© Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында пара дзюдодан әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетейік, пара дзюдодан әлем чемпионаты 13-15 мамыр күндері өтеді. Биылғы додаға 38 елден 300-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Жарыста 20 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оның 16-сы Паралимпиада бағдарламасына енсе, қалған төртеуі жаңадан қосылған салмақтар бойынша үлестіріледі.
Бұл – 2028 жылғы Лос-Анджелес Паралимпиадасына іріктеу турнирі мәртебесіне ие беделді жарыс.
Ербол Мырзабосынов жарыстың ресми ашылуында құттықтау сөз сөйлеп, әлем біріншілігіне қатысып жатқан спортшыларға сәттілік тіледі.
"Қазақстанда паралимпиадалық қозғалыс қарқынды дамып келеді және бұл қоғамда инклюзивті құндылықтарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Соның ішінде пара дзюдо спортынан отандастарымыз халықаралық жарыстарда нәтижелі өнер көрсетіп жүр. Токиода өткен Паралимпиадада отандастарымыз үш күміс медаль иеленсе, Парижде бір алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Құрамамыздың сапында әлем және Азия чемпиондары бар. Астанада әлем чемпионатының өтуі – еліміздің халықаралық деңгейде спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізе алатындығының айқын дәлелі. Бұл чемпионатта да спортшыларымыз еліміздің намысын абыроймен қорғайды деп сенемін", - деп атап өтті Туризм және спорт министрі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:11, 10 маусым 2025
Валерий Рахымжан нысана көздеуден Германиядағы Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
-
21:03, 10 маусым 2025
Қазақстандық мергендер Түркиядағы Әлем кубогының кезеңінде қалай өнер көрсетті
-
19:10, 10 маусым 2025
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Германияда өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады
-
17:45, 10 маусым 2025
Жеңіл атлет Елизавета Матвеева FBK Games турнирінде алтыншы орын алды
-
17:16, 10 маусым 2025
Анна Данилина әлемдік рейтингіде рекордтық нәтижеге қол жеткізді