А.Мұхамедиұлы EXPO-2017 көрмесіне арналған бокс кеші өтетінін растады

14:06, 16 ақпан 2017

Осыған дейін 10 маусымда Головкин мен Сондерс Астана кездеседі деген ақпарат тараған еді.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы EXPO-2017 көрмесіне арналған бокс кеші өтетінін растады.

«Әрине, спорт шаралары EXPO аясындағы жетекші орында. Бұл бес Әлем чемпионатын, екі Азия чемпионатын, Президент кубогі теннистен халықаралық турнирін, «Жібек жолы-2017» халықаралық раллиін өткіземіз. Ол Мәскеуде басталып, кейін Астана, Бейжіңге барады. Дүниежүзілік бокс кеңесінің халықаралық мерейтойлық 55-ші конвенциясы мен бокс кешін өткіземіз», – деді Мұхамедиұлы. 

Еске салайық, осыған дейін 10 маусымда EXPO-2017 аясында WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBO  бойынша белбеу иегері, ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) кездеседі деген ақпарат тараған еді. EXPO баспасөз қызметіндегілер келіссөздердің жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!