Алуа Балқыбекова бокстан Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды
© Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының сапында өнер көрсететін Алуа Балқыбекова елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Ол финалдық кезеңде Финляндия боксшысы Пихла Кайво-Оямен өзара мықтыны анықтады.
Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен, төрешілердің шешімі бойынша Финляндия боксшысы алтын жүлдегер атанды.
Осылайша, Алуа Балқыбекова Қазақстан құрамасының қоржынына екінші күміс медальді салды. Бұған дейін, Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) екінші нәтиже көрсеткен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:08, 9 шілде 2026
Теннисші Жібек Құламбаева Нидерландтағы турнирдің 1/4 финалына шығу үшін бақ сынайды
-
09:56, 9 шілде 2026
Астанада мас күйде жол апатын жасады деген күдікпен боксшы Данияр Елеусінов тексеріліп жатыр
-
22:57, 8 шілде 2026
УЕФА Чемпиондар лигасы: «Қайрат» черногориялық «Сутьеск» командасын ұтып кетті
-
19:41, 8 шілде 2026
U23 Азия чемпионатында төрт қазақстандық боксшы қыз 1/2 финалға өтті
-
17:24, 8 шілде 2026
Алматыда нысана көздеуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр





