Александр Шевченко АТР 250 Almaty Open турнирінің ширек финалына шықты
© Сурет: ktf.kz
Әлемнің 61-ракеткасы Александр Шевченко Алматыда өтіп жатқан ATP 250 турнирінің екінші айналымында ресейлік Аслан Карацевті (139 ATP) 6:1, 6:7 (5:7), 7:5 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Теннисшілер осымен екінші рет кездесіп отыр, бұған дейін де Шевченко жеңіске жеткен.
Матч 2 сағат 21 минутқа созылды. Шевченко бірде-бір қос қателік жасамай, бес брейк-пойнттың үшеуін cәтті пайдаланды.
Қазақстандық теннисші енді ATP 250 Almaty Open турнирінің ширек финалында аргентиналық Франсиско Серундоломен ойнайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:57, 18 қазан 2024
«Барыс» клубы құрамынан бірқатар шетелдік ойыншы кетті
-
11:22, 18 қазан 2024
ATP 250 Almaty Open турнирінің ширек финалистері анықталды
-
10:16, 18 қазан 2024
Бокстан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы шаршы алаңға қайта оралмақ
-
10:05, 18 қазан 2024
Камила Берліқаш дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
22:24, 17 қазан 2024
Кёрлингтен Әлем чемпионатында Қазақстан алғаш рет тарихи нәтижеге қол жеткізді