Ақтөбеде «Ақ бидай-2017» ауыл спорты спартакиадасы өтіп жатыр

09:40, 15 қыркүйек 2017

Ақтөбеде «Ақ бидай-2017» республикалық ауыл спорты спартакиадасы туын көтерді.

Еліміздің 14 облысынан жиналған атлеттер өзара сынға түседі. Дода бағдарламасында көкпар, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, асық сияқты, ұлттық спорт түрлерінен өзге олимпиада бағдарламасынан футбол, воллейбол, спринттік көпсайыс және гир тасын көтеру де бар. Төрт жылда бір рет өтетін біріншілікке биыл 2 мыңға жуық спортшы жиналған. 

Ринат Ерғазин, спартакиадаға қатысушы: 

-Қазір барлық спортқа икемді балалар, спорттағы жетістігі жоғары көптеген баланың барлығы ауылдық жерден шығып жатыр. Соларды көрсету, соларды шығару – бастапқы мақсат.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!