Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
© Сурет: Ақорда
Түркия Республикасына ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президентінің сапарына орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Сарайға келген сәтінде Мемлекет басшысының кортежін салт атты гвардия бастап жүрді.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, зеңбіректен 21 рет оқ атылды.
Екі елдің басшылары Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Одан соң мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:57, 29 сәуір 2026
Астанада Тоқаев пен Чехия премьерінің маңызды келіссөздері өтті
-
20:00, 17 сәуір 2026
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
-
01:31, 20 ақпан 2026
Тоқаев Бен Блэкті қабылдады
-
23:28, 19 ақпан 2026
Президент: Еліміз Газа секторындағы ахуалды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға дайын
-
08:00, 19 ақпан 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен келді





