Ақмола облысында жұмысшыны ауыр темір басып қалды

11:53, 14 қараша 2026
MKZ: 1577723

© Фото: zakon.kz

Өткен түні Ақмола облысы Ерейментау қаласындағы ЖШС-лардың бірінің аумағында металл кесу жұмыстары кезінде жазатайым оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адамды металл арқалықтар (балка) басып қалып, ол құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болды.


"Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетіп зардап шеккен ер адамды металл конструкциялардың астынан шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. ТЖМ өндірістік және монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!