Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде түркі әлемінің бірлігі туралы айтты
© Сурет:Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 30 қазанда Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйлеп, түркі елдерінің ынтымақтастығы мен рухани тұтастығын нығайтудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың телеграм арнасында жарияланды.
Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің бірлігін бекемдеп келе жатқан бірегей құрылым екенін айтты.
Президенттің сөзінше, бауырлас мемлекеттердің егемендігі мен ұлттық мүддесіне құрметпен қарау – ұйымның басты қағидаттарының бірі.
"Түркі жұрты тонның ішкі бауындай тату болып, бағыт-бағдарынан ауытқымай бірлесіп, алға нық қадам жасауда. "Түркі ғасыры: тіліміз де, ойымыз да, ісіміз де – бір" атты бүгінгі басқосу тақырыбының мән-мағынасы – өте терең", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы саммиттің Бірінші Түркология құрылтайының 100 жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екенін атап өтті.
Оның айтуынша, осыдан бір ғасыр бұрын Баку қаласында түркі елдерінің зиялы қауым өкілдері рухани тұтастықты нығайту және ортақ мүдделерді ілгерілету мақсатында бас қосқан.
"Біз бабаларымыздың осы аманатына адал болып, түркі әлемінің ауызбіршілігін күшейту үшін жұмыла әрекет етіп келеміз", – деді Президент.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:08, 28 қазан 2026
Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді
-
14:46, 17 қазан 2026
Тоқаев пен Хун Манет Бірлескен мәлімдеме қабылдады
-
13:16, 17 қазан 2026
Тоқаев пен Камбоджа Премьер-министрі шағын құрамда келіссөз жүргізді
-
16:36, 16 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Еревандағы саммит аясында бірқатар кездесу өткізді
-
16:04, 16 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік серіктестерді сирек түрлерді қорғау қорын құру бастамасын қолдауға шақырды





