Н.Назарбаев ШЫҰ-ға мүше елдерге қаржы институты керектігін айтты
Санаулы уақыттардан соң Астананың осы алып шарын, жалпы ЭКСПО қалашығын алғашқы болып бірнеше елдің мемлекет және үкімет басшылары аралайды. Шаңқай түсте олар елорда төрінде ұйымдастырылған тағы бір ауқымды шара – Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.
Бұл жолғы саммит тарихи маңызға ие. Олай дейтініміз ұйым қатары 1 млрд 200 млн халық тұратын Үндістан және 150 млн-ға тарта тұрғыны бар Пәкістан елдерімен толықты. Бұл – Шанхай ынтымақтастығы ұйымы әлем халқынының тең жартысын қамтыды деген сөз. Сондықтан алты құрлықтың назары қазір Астанада десек, артық айтқанымыз емес.
Сәкен Сейітханұлы, тілші:
– 1996 жылы Шанхай бестігі құрылды. Аты айтып тұрғандай, құрамына Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан елдері енді. Еуразия аумағының тыныштығын көздеген мемлекет басшылары әуелі шекараны шегендеу ісін қолға алды. Қажетті құжатты қабылдады. Соның нәтижесі көршілік сенімді нығайтып, шекарадағы әскерді қысқарды. 1997 жылы ұйым терроризм, экстремизмге қарсы күресудің алғышартын жасады. Содан бері бұл тақырып күн тәртібінен түспеді.
Күн тәртібінде тағы бір түйткілді түйін тараптар талқысына түсті. Ол – Арал мәселесі. Бұрынғы нулы жердің қу медиенге айналғанын қазір әлем біледі. Оның экологиялық зардабын әуелі ұйымға мүше елдер тартып отыр. Мұны біздің Президент баса айтты. Табиғи апаттарды асқынбай тұрып, алдын алуға үндеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Следует признать, что все эти годы мы ходили вокруг да около сохраняющихся в пространстве ШОС экологических проблем. Некоторые из них, такие как тематика, например, Аральского моря вышли сейчас за региональные рамки. Наглядным примером является идущий на протяжении 12 лет переговорный процесс по согласованию проекта концепции сотрудничества ШОС в области охраны окружающий среды. В этой связи предлагаем усилить взаимодействие по линии заинтересованных руководителей наших министерств и ведомств.
Тараптар тілегі бір болмай, тірлік те түзелмейді. Бұл тұста Елбасы тағы бір өзекті мәселені ортаға салды. Дәлірек айтсақ, заңсыз есірткі айналымының жолын кесу. Жасыратыны жоқ, бүгінде Орталық Азияда бұл бизнестің базары қызып тұр. Елдерге қатер төндірген кеселді кесіп тастау үшін ұйым осыдан екі жыл бұрын арнайы бағдарлама әзірлеуге келіскен. Алайда сол сөз іске асуға келгенде кенжелеп қалған.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– С противодействием наркотрафику в рамках ШОС задействованы самые разветвленные многоуровневые механизмы взаимодействия. Вместе с тем компетентные органы наших стран второй год не могут утвердить антинаркотическую стратегию государств-членов ШОС на 2017-2022 годы и программы действия по его выполнению. Я думаю, что об этом нам еще доложат. Важно, чтобы мы дали поручение оперативно решать эти вопросы.
Осы есірткіге есі кеткендер Ауғанстан жерінде баршылық. Қолдағы мәліметке жүгінсек, ауған елінің 30 пайызы осы улы затқа тәуелді. Оның сыртында бірді-екілі сол елдің есірткісі Қазақстан аумағында тәркіленгенін де естідік. Бұл олардың жалғыз мәселесі емес, олар бүгінде жанжалдардан да жапа шегіп отыр.
Шавкат Мирзиеев, Өзбекстан Республикасының Президенті:
– Өзбекстан халықаралық ұйыммен Ауған мәселесін шешуде қабылданып жатқан сындарлы қадамдарды қолдайды. Бұл – елдің экономикасы мен әлеуметтік инфрақұрылымын қалпына келтіру. Алайда Кабулдағы соңғы оқиға ресми биліктің елдегі жағдайды бақылауда ұстай алмай жатқандығын көрсетіп отыр.
6 жылдан бері бақылаудан кеткен Сирия мәселесі де жиында сөз болды. Төрткүл дүниеге таныс Шам еліндегі тартыстың тынышы кіріп келеді. Алайда оқтың үні түбегейлі өшкен жоқ. Ресей, Түркия, Иранның араласуымен қазір қауіпсіз аймақ құру жоспары тұр. Бұл істің бәрі елорда төрінде талқыланды.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:
– Қазақстан Президентіне Астана алаңын ұсынғаны үшін алғысымды айтқым келеді. Астана процесі арқылы біз қақтығыстарды азайтуға қол жеткіздік. Оған дәлел белсенді әскери іс-қимылдардың тоқтауы және дислокация аймағының құрылуы. Бұл, әрине, Сириядағы жағдайдың сапалы өзгерісіне ықпал етті. Бірақ дағдарыс аяқталған жоқ. Оның түбірімен жою үшін көп күш жұмсау керек.
Террористтер тек Сирияда емес, ойына келген елде ойран жасап жүр. Сәуірде лаңкестер Санкт-Петербургтің қырғын салып, жазықсыз жандарды жаралаған еді. Сол оқиға бүгінде терең тексерістер өтіп бітті. Қылмыс жасағандар ұсталды. Алайда бұл тұста біз білмейтін құпия бар болып шықты.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:
– ШЫҰ елдерінде ТГИЛ-дің жансыздары жүр. Бұл біздің Ресейдегі Петербургте болған терактіден кейін белгілі болды. Қазіргі бар мәліметтерге сәйкес, ТГИЛ Орта Азия мен Ресейдің оңтүстік аймақтарына жаңа жоспарларын құруда. Сондықтан ШЫҰ елдерінің арнайы қызметтерінің жұмысын нығайту керек. Оның ішінде жергілікті антитеррорлық құрылымды да.
Мұндай қауіптерге қалқан қою үшін одақ ортақ күш жұмылдыру қажет. Алдағы уақытта бұл жоспарда жүзеге асып қалар. Өйткені бүгін ұйымның іргесі кеңіп, тағы екі елмен толықты. Нақтырақ айтсақ, Үндістан мен Пәкістан Шанхай Ынтымақтастық ұйымның мүшелері атанды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– В течение последних двух лет была проделана колоссальная работа по принятию Республики Индия, Исламской Республики Пакистан в нашу организацию. Сегодня мы завершаем эту процедуру. Вместе с тем прием новых членов позволяет еще разнообразить внимание на вопросы расширения ШОС.
Ұйым құрамы кеңейсе, бұл әрбір елге пайдасын әкеледі. Экономикалық байланыс артып, алыс-беріс пен барыс-келіс артады.
Нарендра Моди, Үндістан Республикасының Премьер-Министрі:
– Осындай белді ұйымға қосылу біздің оған мүше мемлекеттермен болған бұрынғы ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге шығарады. Үндістан сіздермен бірлесіп, торроризммен күресуге атсалысуға ниетті. Экологиялық мәселе де өзекті. Оны шешу аймақ елдерімен бірге орындалады. Баршаңызға сенім білдіріп, ұйымға қабалдағандарыңызға алғыс айтамын.
Мұхаммад Наваз Шариф, Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі:
– Шанхай ынтымақтсатық ұйымы қазірдің өзінде аймақ тұрақтылығын кепілі болуда. Осы арқылы экономикалық жоспар сәтімен жүзеге асырылып келеді. Біз ұйымға мүшелікке қабылдана отырып, оның барша міндеттемелерін орындауға атсалысамыз.
Түптеп келгенде, Жер шары тұрғындарының 45 пайызымен қарым-қатыныс қарқын алады. Бұл ретте Президент ұйымға мүше елдерге қаржы институты керек екенін қаперге салды. Өйткені ол – экономиканы ынталандырудағы таптырмас күш.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
– У нас нет еще проектов, которые бы нас всех объединяли и были бы общим для всех прежде всего. До сих пор не созданы механизмы финансирования проектов, таких как «Банк развития», специальный счет ШОС или иные институты.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы экономикалық байланыспен қатар мәдени қатынастарды да нығайту керектегін айтты. «Жастар жиынын өткізіп, берік достықтың үлгісін өнеге ету қажет», – деді. Түптеп келгенде, одақтың жоспары жойқын. Тек жүзеге асса болғаны. Жиын соңында қонақтар ұйымның төрғалық жұмысын жоғары бағалап, Президентке алғыс білдірді. Естелік суретке түсіп, келер жылы ресми Бейжіңде бас қосатын болып тарқасты.
Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Айдос Меделбеков
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:36, 17 қараша 2025
Тоқаев Мирзиёевке қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, Өзбекстанға жасаған сапарының тарихи мәніне тоқталды
-
17:07, 17 қараша 2025
Қазақстан мен Эстония президенттері келіссөз жүргізді
-
16:45, 17 қараша 2025
Ақордада Эстония президентін салтанатты түрде қарсы алды
-
13:23, 15 қараша 2025
Тоқаев пен Мирзиеев қандай құжаттарға қол қойды
-
10:35, 15 қараша 2025
Тоқаев Мирзиеевмен келіссөз жүргізді





