Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы арта түсуі мүмкін-Мирзиеев

© Сурет: akorda.kz
Оның айтуынша, бүгінде Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен экономика мен әлеуметтік саланың барлық дерлік бағытын қамтитын 1000-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанмен арадағы тауар айналым көрсеткіші қазіргі жылдық 4 млрд көлемнен 10 млрд долларға дейін жеткізуге болатынына сенімді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шавкат Мирзиеевтің айтуынша, биылғы жылдың басынан бері тауар айналымы 40 пайызға дерлік артып, жыл соңына дейін 4 миллиард долларға жетеді деп күтіледі, ал бұл - біздің сауда қарым-қатынастарымыз үшін рекордтық көрсеткіш.
Өзбекстан президенті "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұқбатында бұл шекті меже емес екенін, экономикалардың әлеуеті бізге болашақта 10 миллиардтық мақсатты батыл қоюға мүмкіндік беретінін баса айтты.
Өнеркәсіптік кооперация саласындағы жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Қостанайда Қазақстандағы сатылым бойынша жетекші орындарға көтерілген автомобильдер, сондай-ақ автобустар мен ауылшаруашылық машиналарын бірлесіп шығару жолға қойылған. Түркістан мен Шымкентте заманауи тоқыма кәсіпорындары іске қосылып, тұрмыстық техникалар шығарылуда. Ал мұндай мысалдар өте көп. Шавкат Мирзеев
Оның айтуынша, бүгінде Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен экономика мен әлеуметтік саланың барлық дерлік бағытын қамтитын 1000-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:42, 13 қаңтар 2025
Тоқаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне келіп жетті
-
16:13, 18 желтоқсан 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало бірлескен мәлімдеме жасады
-
14:41, 18 желтоқсан 2024
Қазақстан мен Гвинея президенттері бірқатар құжаттарға қол қойды
-
14:39, 11 желтоқсан 2024
Тоқаев Хелен Кларкты қабылдады: олар нені талқылады
-
23:03, 3 желтоқсан 2024
Тоқаев Макронға ризашылығын білдірді