Исекешев Пәкістан Премьер-министрінің кеңесшісімен кездесті
© Сурет: akorda.kz
Ауғанстандағы жағдайдың даму сценарийлері жан-жақты талқыланды.
Әсет Исекешев Пәкістан Премьер-Министрінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Моид Юсуфпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Пәкістан Ислам Республикасы Премьер-министрінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Моид Юсуфпен кездесті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханов қатысты.
Тараптар өңірлік және жаһандық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, Орталық және Оңтүстік Азиядағы қазіргі сын-тәуекелдер жөнінде, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың перспективалары, оның ішінде бітімгершілік туралы пікір алмасты. Сонымен қатар кездесу барысында әскери-техникалық саладағы өзара екіжақты ықпалдастық, есірткі трафигіне, заңсыз көші-қонға және басқа да қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелері қозғалды.
Ауғанстандағы жағдайдың даму сценарийлері жан-жақты талқыланды. Әсет Исекешев пәкістандық әріптесіне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға бес тонна ұн мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетілгені жөнінде мәлімет берді.
Пәкістан делегациясының сапары барысында Моид Юсуфқа цифрлық үкімет офисінің базасында электрондық үкімет, телекоммуникация, білім беру технологиялары және басқа да секторлардағы цифрландыру бағыттары таныстырылды.
Кездесу соңында тараптар қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:36, 17 қараша 2025
Тоқаев Мирзиёевке қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, Өзбекстанға жасаған сапарының тарихи мәніне тоқталды
-
17:07, 17 қараша 2025
Қазақстан мен Эстония президенттері келіссөз жүргізді
-
16:45, 17 қараша 2025
Ақордада Эстония президентін салтанатты түрде қарсы алды
-
13:23, 15 қараша 2025
Тоқаев пен Мирзиеев қандай құжаттарға қол қойды
-
10:35, 15 қараша 2025
Тоқаев Мирзиеевмен келіссөз жүргізді





