Қызыл бұрыш – шашқа ем

22:02, 30 мамыр 2017

Шаштың түсуіне қарсы ең тиімді маскалардың бірі – қызыл бұрыш тұнбасынан дайындалған маскалар. Қызыл бұрыш шаштың түсуін тоқтатып қана қоймай, оның өсуін де жылдамдатады.

 Бұрыш тұнбасын кез келген дәріханадан табуға болады. Бірақ бұл тұнбаны жеке өзін қолданбаңыз. Ол аллергия туғызуы, тіпті теріні күйдіріп жіберуі мүмкін. Сондай-ақ тері мен шашты тым құрғатып, қайызғақтың пайда болуына себепкер болуы да ғажап емес. Сондықтан бұрыш тұнбасынан маска жасаған кезде абай болыңыз. Оны қандай да бір маймен бірге немесе өзге ингредиенттермен масканың құрамына қосқаныңыз жөн.

 Бұрыш тұнбасын зәйтүн, жүгері, бадам, өрік, т.б. майларының бірімен араластырып қолданыңыз. Ал маска жасағанда маска құрамына аздаған бал, жұмыртқаның сарысын, сүт, құрғақ ашытқы, т.б. қосуға болады. Сонда масканың тиімділігі де артып, шашты түбінен емдей аласыз.

Шаштың өсуін арттыратын маскалар:

1. Ошаған майы, пияз шырыны, жұмыртқаның сарысы, бұрыш тұнбасы мен балды бірдей мөлшерде араластырып, дайын болған қоспаны массажды қимылмен шаштың түбіне жағыңыз. Басыңызды жылылап орап, 1 сағаттан соң (одан асыруға болмайды!) жуыңыз.

2. Бұрыш тұнбасы мен үпілмәлік майын бірдей мөлшерде алып, жақсылап араластырыңыз. Қоспаны массажды қимылмен шаштың түбіне жағыңыз. Басыңызды жылылап орап, 1 сағаттан соң (одан асыруға болмайды!) жуыңыз. Үпілмәлік майын алдын ала ыстық суға құтысымен салып, жылытып алу керек.

3. Үпілмәлік майын, пияз шырынын, бұрыш тұнбасын, қырмызыгүл тұнбасын, коньяк пен жұмыртқаның сарысын бірдей мөлшерде алып, жақсылап араластырыңыз. Қоспаны массажды қимылмен шаштың түбіне жағыңыз. Басыңызды жылылап орап, 1 сағаттан соң жуыңыз.

​4. Бұрыш тұнбасын, жұмыртқаның сарысын, айранды бірдей мөлшерде алып, араластырыңыз. Қоспаны массажды қимылмен шаштың түбіне жағыңыз. Басыңызды жылылап орап, 1 сағаттан соң жуыңыз.

 

Дереккөз: anabol.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!