Ұзын әрі қалың шашты армандайсыз ба?
Ашытқы минералдар мен дәрумендерге бай. Сондықтан одан жасалған маска шашқа өте пайдалы. Оны майлы және құрғақ шашқа да жасауға болады. Ашытқы маскасы шаштың өсуін жылдамдатып, көлем береді. Нақты нәтижеге қол жеткізу үшін ашытқы маскасының емдеу курсын толық жасау керектігін ұмытпаңыз!

Маска 1
Құрамы:
- 1 шай қасық жылы су
- 1 шай қасық ашытқы
- 1 шай қасық қант
- 1 шай қасық бал
- 2 шай қасық қыша ұнтағы
Жылы суға ашытқыны салып, оған қант қосып араластырыңыз.
Ашытқы көтерілгенде бал мен қыша ұнтағын қосыңыз.
Дайын масканы бас терісіне, яғни шаштың түбіне жағыңыз.
Басыңызға полиэтилен қап киіп, сыртынан орамалмен жылылап ораңыз.
1 сағат өткеннен кейін сусабынмен жуыңыз.

Маска 2
Құрамы:
- 1 шай қасық жылы су
- 30 г құрғақ ашытқы
- 2 шай қасық бұрыш тұнбасы
Ашытқыға су қосып, кейін бұрыш тұнбасын құйыңыз.
Дайын масканы бас терісіне, яғни шаштың түбіне жағыңыз.
Басыңызға полиэтилен қап киіп, сыртынан орамалмен жылылап ораңыз.
20 минут уақыттан асырмай сусабынмен жуыңыз. Бұрыш теріні күйдіріп жіберуі мүмкін.
Дереккөз: anabol.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!





