Ұйқысыздықтан арылудың 10 тәсілі

16:18, 21 мамыр 2017

Ұйқысыздық немесе инсомния, немесе агрипния — ұйқының ұзақтығы немесе сапасы я болмаса екеуінің де қанағаттандырмайтын қалыпты ұйқының бұзылуы. Ұйқысыздық – бұл адамның ұйқыдан болатын проблемалық жағдайы. Ұйқысыз көп адамдар тез көз іліп, артынша оянып кетеді. Ал тағы біреулер керісінше ұйықтауы қиын болады. Нәтижесінде ешқандай ұйықтай алмай, ертесі көңіл-күйінен байқалып тұрады. Жақсы ұйықтап тынығу үшін төмендегі 10 кеңестің пайдасы мол.

 

  1. Ұйқыңыз келмесе төсекке жатпаңыз.
  2. Егер, жиырма минут ішінде ұйықтай алмасаңыз, ұйқысыздықпен күресуге тырыспаңыз. Орныңыздан тұрып жалықтыратын кітап оқыңыз, әуезді музыка тыңдаңыз. Ұйқыңыз келгенше осыларды орындаңыз. Егер сіз түн ортасында ұйықтай алмасаңыз, сіз жай ғана жатып, радио тыңдауыңызға болады.
  3. Күнде бір уақытта тұрып, бір уақытта ұйықтаңыз. Демалыс күндеріде бұл ережені бұзбаған дұрыс.
  4. Ұйқы үшін қолайлы жағдай жасаңыз. Біріншіден, әрқашан бөлмені желдетіп, қалыпты температураны қамтамасыз етіңіз. Ұйықтар алдында төсек орыныңыздың өзіңізге жайлы екеніне көз жеткзіңіз.
  5. Кешке қарай серуендеңіз. Миыңызды тынықтырып, стресстен арылуға серуендеудің көмегі мол.
  6. Ұйықтардан 2 сағат алдын ой жұмысын тоқтатыңыз. Теледидар көріп, муызка тыңдап ойыңызды басқа жаққа бөліңіз.
  7. Ұйықтар алдында 1 стақан сүт немесе бал қосылған су ішіңіз.
  8. Өзіңді жайлы жерде жатқандай сезініп, денеңізді босансытыңыз.
  9. Жатар алдында әр-түрлі шөптердің қоспасы бар ванна қабылдап алғанда дұрыс.
  10. Тыныштандыратын шай ішіп, тынығыңыз.

 

Ұйқыңыз тыныш болсын!

 

Дереккөз: anabol.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!