Пиццаны 10 минут ішінде қалай дайындауға болады?

18:49, 15 желтоқсан 2016

Назарларыңызға 10 минут ішінде дайын болатын пиццаның қалай жасалатыны туралы мәлімет ұсынамыз.

Бұл пиццаның өзгешелігі – табаға дайындалатындығы. Пиццаға қосатын ингредиенттерді өз қалауыңызға қарай таңдасаңыз болады. Бұл пиццаны дайындау үшін сізге:

4 жұмыртқа

1 шай қасық тұз

1 ас қасық қант

3 ас қасық қаймақ

1 стақан ұн

1 шай қасық ас содасы

2 қызанақ

100 гр. шұжық

150 гр. ірімшік

сұйық май қажет.

Дайындау тәсілі. Жұмыртқа, тұз, қант, қаймақ және ас содасын бір-біріне қосып, жақсылап араластырыңыз. Үстіне ұн сеуіп, бірыңғай қалыпқа келтіріңіз. Табаға жұқалап май жағып, отқа қойыңыз. Таба қызғаннан кейін дайын қамырды табаға құйыңыз. 5-7 минут аралығында қуырып, табаның қақпағын жабыңыз. Дайын болған пицца нанының үстіне  қызанақ пен шұжықты майдалап турап салыңыз. Содан кейін үккіштен өткізілген ірімшікті пиццаның үстіне себіңіз. Пицца дайын!

 

Дереккөз: massaget.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!