Осыны жеп, ажарлана түсіңіз

22:00, 29 мамыр 2017

Жеміс-жидектер мен көкөністер жалпы денсаулығымыз үшін ғана емес, теріміздің саулығы үшін де өте пайдалы екенін баршамыз жақсы білеміз. Ал дәл қай жеміс пен жидектің ерекше маңызға ие екенінен хабардарсыз ба? Жауабыңыз «Жоқ» болса, теріңізге аса пайдалы жеміс-жидектің ондығымен танысыңыз.

 

Қаражидек

Өзі кішкентай болғанымен, бұл жидектің құрамы өте құнарлы. Ол антиоксиданттарға, жасұнық пен А, С дәрумендеріне бай. Қаражидекті тағамыңызға қоса отырып, теріңіздің саулығын қамтамасыз етесіз.

 

Алма

Алма коллагенге бай. Ал ол терінің салбырап кетуінің алдын алып, тығыздығын қамтамасыз ететінін баршамыз жақсы білеміз.

 

Қарбыз

Әне-міне қарбыз маусымы да басталмақ. Ендеше, теріңізді бір емдеп алатын уақыт та келді. Қарбыз құрамының 90 пайызы судан тұрады. Ал су теріні нәрсендіріп, әр береді.

 

Банан

Тері ылғалдығының тепе-теңдігін қамтамасыз ететін негізігі элементтердің бірі – калий бананның құрамында мол. Құрғақ тері калийдің қажетті мөлшерде жетіспеуінен хабар береді. Сондықтан да күнделікті бір банан жеп тұру теріңізге пайдалы.

 

Ананас

Кейбір елдерде ананасты емдік өсімдік ретінде көптеген жылдар бойы қолданып келеді. Бұл құрамында бромелайн атты фермент бар жалғыз жеміс екен. Ал ол фермент терінің қабынуы мен ісіктерді емдейді.

 

Құлпынай

Оның құрамы эллаг қышқылына бай. Сондықтан да ол ультракүлгін сәулемен жақсы күресіп, беттегі әжімдерді жояды.

 

Папайя

Оның құрамы папаин ферменті мен А дәруменіне өте бай. Ал олар өз кезегінде терідегі өлі жасушалардан арылуға көп көмек болмақ.

 

Киви

Оның құрамындағы С дәрумені – терінің ажарланып, жылтырап тұруындағы негізгі элемент.

 

Анар

Ол терінің қартаюына қарсы тұрып, терінің қайта қалпына келу процесіне түрткі болатын нәрлендіруші элементтерге бай.

 

Шие (вишня)

Ол антиоксиданттарға бай. Сондықтан да терінің қартаюына қарсы тұрады.

 Дереккөз: anabol.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!