Жыраға түскен. Шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған АН-2 ұшағының фотосуреттері

15:24, 26 ақпан 2021

© Сурет: Алматы облыстық ТЖД

Алматы облысында апатты жағдайда қонған АН-2 ұшағының оқиға орнындағы фотосуреттері ұсынылды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлағандай, 2021 жылы 26 ақпанда сағат 12:26 уақытында "Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесінің Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсі Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км мәжбүрлі түрде қонды.

Ұшақта екі экипаж және 3 жолаушы (медициналық қызметкер) болған.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ұшақ ұшу-қону жолағынан оңтүстікке қарай 1,5 шақырым жерге қонды (жыраға түсіп кетті).

Төтенше жағдайлар департаменті (7 қызметкер және 2 техника), Боралдай аэродромының авиациялық қауіпсіздік қызметі (15 қызметкер және 5 техника) оқиға орнына барды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!