Жүргізуші куәлігін алатын қазақстандықтарға маңызды жайт түсіндірілді

16:04, 23 шілде 2026
MKZ: 1557647

© Фото: freepik

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мамандары жүргізуші куәлігін рәсімдеу кезінде ескерілетін маңызды талап туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 23 шілдеде қазақстандықтардың бірі мамандарға:

"Жақында жүргізуші куәлігін аламын. Құжатты рәсімдеу үшін өзімнің дайын фотосуретімді алдын ала әкелуге бола ма?" – деген сауал жолдады.

Мемлекеттік корпорация өкілдері мұндай мүмкіндік қарастырылмағанын түсіндірді.

"Жүргізуші куәлігін рәсімдеу кезінде фотосурет мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (мамандандырылған ХҚКО) сол жерде түсіріледі", – деп мәлімдеді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін өздігінен ХҚКО-ға бара алмайтын қазақстандықтарға қандай қызметтер қолжетімді екені туралы айтылған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!