Жұп болып жүріп, велосипед ұрлаған: Қарағандыда екі күдікті ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Қарағандыда Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері велосипед ұрлығына қатысы бар деген күдікпен ер адам мен әйелді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бес күн ішінде үш қала тұрғынының велосипеді ұрланған. Келтірілген жалпы шығын 300 мың теңгеден асқан. Жәбірленушілердің арыздары бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.
"Нәтижесінде 33 және 29 жастағы жергілікті тұрғындар ұсталды. Полицейлердің анықтауынша, ер адам мен әйел үнемі бірге жүрген. Олар велосипед жетектеген жұпқа өтіп бара жатқан адамдар да, полиция да күмән келтірмейді деп ойлаған", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 20 қазанда.
Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция олардың қалада жасалған өзге де осыған ұқсас ұрлықтарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
"Велосипедтерді, самокаттар мен балалар арбаларын үйдің кіреберісінде немесе дүкен маңында қараусыз қалдырмаңыздар. Ұрлықтан қорғайтын берік құлыптарды пайдаланыңыздар. Тек бейнебақылау камераларына сеніп қалмаңыздар", – деп ескертті полицейлер.
Бұған дейін, 2026 жылғы 14 қазанда Қытайдан Астанаға ұшып келе жатқан қазақстандықтың 3 600 доллары ұрланғаны туралы жазған едік. Көлік полициясы күдіктінің кім екенін анықтады. Ол жәбірленушімен бір рейсте, оның артындағы орында отырған шетел азаматы болып шықты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:03, 20 қазан 2026
Алматыда автобустардың лық толуына не себеп: әкімдік түсініктеме берді
-
11:52, 20 қазан 2026
Қазақстанда қандай мамандар тапшы: жұмыс берушілер кімді іздеп жүр
-
11:46, 20 қазан 2026
Солтүстік Қазақстан облысында көлік аударылып, үш адам зардап шекті
-
11:33, 20 қазан 2026
Ғасырға жуық ғұмыр, ерекше ерлік: британдық кейуана рекорд орнатты
-
11:33, 20 қазан 2026
Ғасырға жуық ғұмыр, ерекше ерлік: британиялық кейуана рекорд орнатты





