«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 2 мыңнан астам елордалық жұмысқа орналасты
"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында елорданың 2 мыңнан астам тұрғыны жұмысқа орналасты, деп хабарлайды zakon.kz.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021" бағдарламасы халықты жұмыспен қамтуда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Қасбет жұмыстарының шебері Рахат Ахметов уақытша жұмысынан айрылған. Жұмыспен қамту бағдарламасы туралы естіген ол, Халықты жұмыспен қамту орталағына жүгінді. Онда шеберге бірнеше ұсыныс берілді.
"Қазір мен қасбет жұмыстарының шеберімін, жұмыс қиын емес. Өте үлкен жауапкершілік. Мен фиброцементтік панель орнататын конструкцияны жинаймын. Бұл желдетілетін қасбеті болт арқылы берік бекітіледі. Бұл конструкция оңай жиналады, ұзақ уақытқа және берік орнатылады. Мұның бәрі адамдардың игілігі үшін жасалуда. Адам жұмысын жақсы көре білуі керек", – дейді Рахат Ахметов.
Құрылыс компаниясының өкілі Дәурен Булановтың айтуынша, "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021" бойынша жұмысқа орналасуға келісім-шарт 15 мамырда жасалған. Содан бері олардың фирмасынан 110-ға жуық адам жұмыс тапты.
"Олар тас қалаушылар мен жұмысшылар. Біздің компания жаңа қызметкерлер қабылдауға дайын. Біз осы бағдарлама аясында жұмыс істеуге дайынбыз", – деп атап өтті Д.Буланов.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021" бағдарламасы аясында елордада 15 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінде елордада "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында 2325 адам жұмысқа орналастырылды, 78 ұйыммен ниет хаттамасы жасалды. 72 жоба бойынша жұмыстар басталды. Елорда тұрғындары түрлі бағыттар бойынша басталған 72 инфраструктуралық жобаға жұмысқа орналаса алады. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша әлеуметтік сала, инженерлік-көліктік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, елді мекендерді абаттандыру бойынша 117 инфрақұрылымдық жобаға жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады