Жұмыспен қамтуда жасанды интеллект қолданылады

09:04, 2 сәуір 2026

© Фото: pixabay

Биылдан бастап зейнетақы төлемдері, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, қандас мәртебесін беру және жұмыспен қамту шаралары жасанды интеллект арқылы жасалады.

Атап өтетін жайт, ақылды жүйе қабылдаған шешімдер тек ұсынымдық сипатта ғана болады.

Мәселен, енді жұмыс орындары әр азаматтың қабілетіне қарай автоматты түрде беріледі, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек жүйесінде де жасанды интеллект қолданылып жатыр.

Айталық, 2023 жылы көмекке мұқтаж отбасының саны 114 мың болса, қазір, 30 мыңның шамасында.

"Бұл динамика мұқтаждықты анықтау дәлдігінің артуымен және негізсіз тағайындауларды болдырмаумен байланысты болып отыр. Бүгінгі күні өтініш берушілердің материалдық жағдайын тексеру автоматтандырылған. Жаңа жүйе арқылы 48 мыңдай өтінім өңделді."Бахтияр Жазықпаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!