Жұмыскерлердің еңбекақысын көтеру: Экономика вице-министрі қандай шаралар көзделіп отырғанын айтып берді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026-2029 жылдарға арналған кешенді жоспардың негізгі бағыттарының бірі жұмыскерлердің еңбекақысын одан әрі арттыру болмақ. Бұл жөнінде Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спикердің айтуынша, 2026-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар алты негізгі бағыт бойынша 59 іс-шараны жүзеге асыруды көздейді.
"Олардың арасында жалақыны көтеру, инфляцияны төмендету, нақты табыстың өсуі, адами капиталды дамыту және жұмыспен қамтуды арттыру, сапалы жұмыс орындарын ашу, салықтық және әлеуметтік шаралар, сондай-ақ борыштық жүктемені азайту және халықтың қаржылық белсенділігін жақсарту бар",- деді Азамат Әмрин.
Бұл ретте, жұмыскерлердің еңбекақысын көтеру басым бағыттардың бірі ретінде танылған.
"Бүгінде еңбекақы төлеу қорының қосылған құндағы үлесі шамамен 30,6%-ды құрайды, ал орташа және медианды жалақы арасындағы алшақтық – 39,2%. Бұл мәселелерді шешу үшін ең төменгі жалақыны арттыру, жалдамалы жұмыскерлер табысының, азаматтық қызметшілердің жалақысының өсуіру, табиғи монополиялар субъектілерінің өндірістік персоналының орташа жалақысын ұлғайту және мемлекеттік қызметшілердің жалақысын үш жыл сайын индекстеу көзделген. Сондай-ақ әлеуметтік әріптестіктің жүйелі шаралары қарастырылған",- деп толықтырды ол.
Атап өтілгендей, құжаттың негізгі мақсаты – азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жеке секторды тартуды жандандыру, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мен экономикалық өсудің инклюзивті моделін қалыптастыру.
Бұған дейін елімізде халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:53, 11 маусым 2026
Талдықорғанда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған сәбидің ата-анасы табылмай жатыр - бүлдіршін ауыр хәлде
-
13:38, 11 маусым 2026
Қазақстанда киік етіне сұраныс жоқ – Ауыл шаруашылығы министрлігі
-
13:31, 11 маусым 2026
Сенат заңды қолдады – рақымшылық жемқорларға қолданылмайды
-
13:27, 11 маусым 2026
Президент Бас прокурорға инвестициялық омбудсмен мәртебесін беретін заңға қол қойды
-
13:20, 11 маусым 2026
«Осындай деңгейге ұмтылу керек» – Еңбек министрлігі жеткіліктілік шектеріне қатысты пікір білдірді





