Жұмыс іздеуге шығып жоғалып кеткен: Ақтауда 39 жастағы әйел іздестірілуде

09:39, 12 наурыз 2026

© Сурет: Вера Бойкованың жеке мұрағатынан

Ақтауда 39 жастағы Наталья Бойкова із-түзсіз жоғалып кетті. Ол жұмысқа орналасу үшін әңгімелесуге барып, содан бері байланысқа шықпаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының мәліметінше, әйел 2026 жылдың 6 наурызынан бері іздестіріліп жатыр. Анасының айтуынша, Наталья Dina Shopping Center сауда орталығына жұмыс бойынша сұхбатқа кеткен. Алайда сол кеткеннен кейін қайта хабар бермеген.

Жоғалған әйелдің анасы Вера Бойкова қызының бұрын-соңды мұндай жағдайға түспегенін айтады. Оның сөзінше, Наталья әрдайым жақындарымен байланыста болып, ұзақ уақыт хабарсыз кетпейтін. Сондықтан ата-анасы бірден полицияға жүгінген.

"Қызымыздың аман-есен үйге оралуын күтіп отырмыз. Ода бәрі жақсы деп үміттенеміз. Қатты сағынып кеттік", – дейді анасы.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Наталья Бойкованың қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан 102 нөміріне хабарласу сұралады.

Бұған дейін Жетісуда балықшыны құтқару кезінде ТЖД қызметкері қаза тапқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!