Жүмада елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

09:34, 20 қыркүйек 2019

Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жотасының орналасуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек республиканың батыс және солтүстігінің кей жерлерінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман күтіледі, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Ақтөбе, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысында күндіз Жаланашкөл аймағында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қостанай облысының басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман, бұршақ күтіледі.

Павлодар облысында желдің екпіні 15-20, кей жерлерінде 25 м/с жетеді.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!