ЖОО оқытушысы миллиондаған теңге несие рәсімдеп, оны алаяқтарға аударған
© Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында ірі интернет-алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Алаяқтардың құрбаны Көкшетаудағы жоғары оқу орындарының бірінің оқытушысы болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, жәбірленушіден арыз 19 ақпанда түскен. Оның айтуынша, айдың басында өзіне оқу орнының заңгері ретінде таныстырған бейтаныс адам қоңырау шалған. Ол оқытушының жеке ісіне құқық қорғау органдары қызығушылық танытып отырғанын және жуық арада өзімен хабарласатынын айтқан.
Біршама уақыттан кейін әйелге телефон арқылы алаяқтықтың кең таралған тәсілімен әрекет еткен бейтаныс тұлғалар хабарласа бастаған. "Тексеру жүргізу" және "қаражаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" сылтауымен күдіктілер оған қатаң түрде нұсқауларды орындауды және болған жағдай туралы үшінші тұлғаларға айтпауын талап еткен.
Алынған ақпаратты қайта тексермеген оқытушы екі банктен несие рәсімдеп, сондай-ақ алтын бұйымдарын ломбардқа тапсырған. Түскен қаражатты алаяқтар көрсеткен шоттарға аударған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 7,6 млн теңгеден асқан.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта киберполиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.
Құқық қорғау органдары банк және мемлекеттік орган қызметкерлері несие рәсімдеуді немесе қаражатты "қауіпсіз шоттарға" аударуды талап етпейтінін ескертеді. Егер өзін заңгер, құқық қорғау органының қызметкері немесе қауіпсіздік қызметінің өкілі ретінде таныстырған адамдар қоңырау шалса, әңгімені дереу тоқтатып, SMS-кодтарды, банк картасының деректерін және жеке мәліметтерді жарияламау қажет.
Сондай-ақ әңгімені құпия сақтауды сұрау – алаяқтықтың негізгі белгілерінің бірі екеніне ерекше назар аудару керек.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:04, 20 ақпан 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 21-22 ақпан
-
19:52, 20 ақпан 2026
Қарағандылық 18 жастағы спортшы жекпе-жек турнирінен кейін жансақтау бөліміне түсті
-
19:40, 20 ақпан 2026
Владимир Чебурин Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері атанды
-
19:35, 20 ақпан 2026
Шымкентте жауын-шашыннан кейін көшенің бір бөлігі шөгіп кетті
-
19:31, 20 ақпан 2026
Абай облысында дронның көмегімен жол жиегіне көмір төккен тұрғын анықталды





