Шымкентте жауын-шашыннан кейін көшенің бір бөлігі шөгіп кетті
© Сурет: otyrar.kz
Шымкент қаласы Абай ауданындағы Ақтоғай көшесінде жуырда төселген асфальт жолдың бір бөлігі жауын-шашыннан кейін шөгіп, ойылып қалған. Тұрғындардың айтуынша, оқиғадан кейін көлікпен де, жаяу да қатынау қиындаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Асфальттың опырылуы салдарынан жақын маңдағы екі жеке тұрғын үй сусыз қалған. Жаңбырдан кейін жер астындағы су құбырына зақым келген. Тұрғындар шөккен жер бес күн бойы сол күйі жатқанын айтып, балалардың құлап кетуінен қауіптенгендерін жеткізді, деп хабарлады otyrar.kz.
"Жаңбыр қатты жауды. Одан кейін жол бірден шөгіп кетті. Су астындағы шлангіні қысып, үзіп жіберген. Екі көршіміз сусыз қалды", – дейді тұрғындардың бірі.
Тағы бір тұрғын жолдың жарылып, көліктердің өте алмай қалғанын, балалардың мектепке қатынауы қиындағанын айтады.
Қазіргі уақытта опырылған бөліктің асфальты алынып, орны уақытша топырақпен жабылған.
Шымкент жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, аталған көше 2025 жылдың шілде-тамыз айларында Atash Trans Logistics ЖШС тарапынан салынған. Жол құрылысы кезінде, соның ішінде асфальт төсеу және негізін нығыздау барысында "Ұлттық сапа орталығы" сараптама жүргізген.
Басқарма мамандарының тексеруі барысында асфальтбетон жабындысының астында бұрын кәріз құбырларын төсеу жұмыстары жүргізілгені анықталған. Дәл осы учаскеде топырақтың отыруы салдарынан жол жабыны шөккен.
Құзырлы орган ақаулар мердігер компанияның есебінен қалпына келтірілетінін мәлімдеді. Себебі, жол құрылысына бес жылдан астам кепілдік берілген. Қазір мердігер мекеме жөндеу жұмыстарына дайындықты бастап кеткен. Көшені толық қалпына келтіру наурыз айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:54, 20 ақпан 2026
Алматыдағы Құрманғазы көшесінде гастрономиялық дәліз пайда болады
-
20:04, 20 ақпан 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 21-22 ақпан
-
19:52, 20 ақпан 2026
Қарағандылық 18 жастағы спортшы жекпе-жек турнирінен кейін жансақтау бөліміне түсті
-
19:40, 20 ақпан 2026
Владимир Чебурин Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері атанды
-
19:31, 20 ақпан 2026
Абай облысында дронның көмегімен жол жиегіне көмір төккен тұрғын анықталды





