Шілде айында жауын-шашын сирек болады: синоптиктер Қазақстан бойынша болжам жасады
© Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы шілде айына арналған алдын ала құрғақшылық болжамын жариялады. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.
Метеорологтардың айтуынша, шілде айында ауа температурасының көтерілуіне байланысты Қазақстан аумағында құрғақшылыққа бейім аймақтар ұлғаюы мүмкін.
Сонымен қатар жауын-шашын көбіне жергілікті және қысқа мерзімді сипатта болады деп күтілуде.
Алдын ала болжамға сәйкес, орташа құрғақшылық жағдайлары Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының бірқатар аудандарында, сондай-ақ Абай мен Жетісу облыстарында байқалуы мүмкін.
Атап айтқанда, Алматы облысында Балқаш және Жамбыл аудандары тәуекел аймағына кірсе, Жетісу облысында Алакөл, Каратал және Панфилов аудандары қамтылған.
Ал Костанай және Ақтөбе облыстарының жекелеген аудандарында ғана салыстырмалы түрде ылғалды ауа райы күтіледі.
Қалған өңірлерде ылғалдану жағдайы шілде айының климаттық нормасына жақын болады деп болжануда. Қажет болған жағдайда болжам нақтыланатын болады.
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылғы 25 маусымнан бастап Бөлектау тауына бару уақытша шектелетіні хабарланған болатын. Шектеу өрт қаупінің бесінші, яғни аса жоғары деңгейіне байланысты енгізілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:16, 24 маусым 2026
Қостанай облысында қоныс аударушылар тұрғын үй сертификатын заңсыз пайдаланған
-
12:04, 24 маусым 2026
Дархан Сатыбалды: Алматыдағы ауа сапасын жақсарту бойынша нақты нәтиже көріп тұрған жоқпын
-
11:57, 24 маусым 2026
Шымкенттегі кафе мен мейрамханаларға кальян жарнамасын алып тастау талап етілді
-
11:49, 24 маусым 2026
Қазақстанда күмәнді қаржылық операцияларды анықтау тәртібіне өзгерістер енгізілді
-
11:34, 24 маусым 2026
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады





