Қазақстанда отбасының әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесіне өзгерістер енгізілді
© Фото: pexels
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 17 маусымдағы бұйрықпен отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқат деңгейін айқындау әдістемесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта отбасының әлеуметтік әл-ауқат деңгейін бағалау кезінде қолданылатын бірқатар көрсеткіштерді есептеу тәртібі нақтыланған.
Атап айтқанда, "Несиелік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы немесе болмауы" критерийі бойынша балдар мынадай тәртіппен белгіленеді:
- 90 күннен астам мерзімі өткен және 1000 теңгеден жоғары берешек болмаса – 0 балл;
- отбасының (адамның) кәмелетке толған бір мүшесінде 90 күннен астам мерзімі өткен және 1000 теңгеден жоғары берешек болса – минус 250 балл;
- отбасының барлық кәмелетке толған мүшелерінде осындай берешек болса – минус 500 балл.
"Отбасының (адамның) тұрғын үймен қамтамасыз етілуі" критерийі бойынша:
- тұрғын үйі жоқ болса – минус 200 балл;
- бір тұрғын үйі бар және бір адамға шаққандағы алаңы 18 шаршы метрден аз болса – минус 80 балл;
- бір тұрғын үйі бар және бір адамға шаққандағы алаңы 18 шаршы метрден көп болса – 0 балл;
- екіден үшке дейін тұрғын үйі болса – 100 балл;
- үштен алтыға дейін тұрғын үйі болса – 400 балл;
- алтыдан он бірге дейін тұрғын үйі болса – 1000 балл;
- он бірден көп тұрғын үйі болса – 2000 балл.
Ал "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы немесе болмауы" критерийі бойынша:
- жеке қосалқы шаруашылығы жоқ болса – 0 балл;
- құны 500 мың теңгеге дейінгі жеке қосалқы шаруашылығы болса – 50 балл;
- құны 500 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін болса – 150 балл;
- құны 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін болса – 350 балл;
- құны 2 млн теңгеден асатын жеке қосалқы шаруашылығы болса – 600 балл.
Бұйрық 2026 жылғы 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:44, 24 маусым 2026
Астанада 85 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарды
-
12:36, 24 маусым 2026
Қазақстанда әр жүзінші грант арнайы квота иелеріне беріледі
-
12:27, 24 маусым 2026
Қазақстанда әскерге шақыру процесі цифрландырылады
-
12:16, 24 маусым 2026
Қостанай облысында қоныс аударушылар тұрғын үй сертификатын заңсыз пайдаланған
-
12:04, 24 маусым 2026
Дархан Сатыбалды: Алматыдағы ауа сапасын жақсарту бойынша нақты нәтиже көріп тұрған жоқпын





