Қазақстанда жылжымайтын мүлікке арналған «сән-салтанат салығы» қашан енгізіледі
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасының басшысы Гүлмира Смағұлова Қазақстанда қымбат жылжымайтын мүлікке салынатын салық қашан күшіне енетінін және жаңа ережелер кімдерге қатысты болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz
Оның айтуынша, мүлік салығы бойынша есептеулер қазірдің өзінде азаматтардың жеке шоттарында көрсетіліп жатыр, ал жақын уақытта қазақстандықтардың көпшілігі оны банк қосымшаларында және E-Azamat сервисінде көре алады. Төлеу мерзімі – 1 қазан.
"Жаңа Салық кодексінде қымбат жылжымайтын мүлікке салық салу нормасы 2026 жылдан бастап күшіне енгеніне қарамастан, биыл "сән-салтанат салығы" іс жүзінде төленбейді. Себебі мүлік салығы өткен жылдың қорытындысы бойынша есептеледі. Сондықтан бұл норма алғаш рет 2027 жылы 2026 жылғы есеп бойынша қолданылады. Жеке тұлғаның жиынтық мүлік құны 450 млн теңгеден асуы керек. Егер 450 млн теңге болса, бұл норма қолданылмайды, ал 1 теңгеге артық болса да, салық іске қосылады. Бағалауды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүргізеді", – деді ол.
Маман Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда есептеу үшін 1 шаршы метрдің құны 60 мың теңге деп алынатынын мысал ретінде келтірді. Оның айтуынша, бұл нарықтағы баға емес, мемлекеттік корпорация анықтайтын бағалау құны.
"Есептеуде не ескеріледі? Бұл – 1 шаршы метрге 60 мың теңге. Қабырға материалы, қабат саны, бұрыштық пәтер ме, тұрғын үй кешенінің орналасуы, инфрақұрылымның дамуы сияқты факторлар есепке алынады. Зоналау коэффициенттері бар. Мысалы, Астанада 6 аймақ бар және АЕК өзгеріс коэффициенті қолданылады", – деді ол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:05, 23 маусым 2026
Тоқае ЕО-мен 12 млрд доллардан астам көлемдегі келісімдер жасалғанын мәлімдеді
-
20:47, 23 маусым 2026
24 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:20, 23 маусым 2026
Алматыда жүк көлігімен болған жол апатынан екі адам ауруханаға түсті
-
20:00, 23 маусым 2026
Тоқаев ЕО көшбасшыларымен бірге қандай құжаттарға қол қойды
-
19:58, 23 маусым 2026
Тоқаев, Кошта және Урсула фон дер Ляйен бірлескен мәлімдеме қабылдады





