Ақтөбе облысында тұрғыннан 4 келі марихуана тәркіленді

19:07, 18 наурыз 2026

© Сурет: polisia.kz

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында жергілікті тұрғыннан марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері жедел ақпаратты тексеру барысында Қандыағаш қаласында жергілікті тұрғынның жалдамалы пәтерінен өсімдік тектес затты анықтап, тәркіледі.

Атап айтқанда, пәтердің балконынан өсімдік тектес зат алынды. Сонымен қатар қонақ бөлмеден өзіне тән иісі бар зат салынған пакет табылып, тәркіленді.

Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 4 келіден асатын марихуана екені анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!