Жетісу облысында сексен төрт елді мекен толығымен газдандандырылған

10:44, 3 сәуір 2025

© Сурет: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл Жетісу облысының құрылғанына үш жыл. Облыс құрылғанға дейін Жетісу өңірінде небары тек 5 елді мекен газдандырдырылған болса, бүгінге дейін тағы 79 елді мекенге табиғи газ жеткізілді. Сөйтіп облыста қазір 84 елді мекенге газ тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, көгілдір отынның келуімен бірге ауылдағы тұрмыс та жайлы бола түскен. Солардың бірі Көксу ауданы Алдабергенов ауылының тұрғыны Құдайберген Махметов.

"Біздің ауылға газ 2023 жылдан бастап беріле бастады. Көгілдір отын жеткізіледі дегенді естігеннен кейін отбасымызға жаңа үй тұрғыздық. Енді пеш жағудың, көмір-отын тасудың қажеті болмайды. Қазір жаңа үйімізде газ да, су да бар. Мемлекет тарапынан ауылдық жерге барлық жағдай жасалып жатқаны қуантады." Құдайберген Махметов

Сурет: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Атап өту керек, газдандыру ісі барысында 1800-дей тұрақты және уақытша жұмыс орындары ашылды.

Газ қостыру құнына тоқталсақ, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қабылданған шаралардың арқасында бәсекелестік ортаны дамыту арқылы газ қостыру құнын қазандық пен қажетті жиынтықтарды қоспағанда 170-175 мың теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік туды (газ құбырының ұзындығы 25 метрге дейін).

Сурет: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сонымен бірге бір жарым жылдың ішінде 1600 газ қазандығын сатып алуға 500 миллион теңге бөлінді, тұрғындарға қазандықтың төлемін 10 айға дейін бөліп төлеуге жеңілдікті жағдай жасалып отыр.

Жалпы, газдандыру – Президенттің тапсырмасына сәйкес облыс басшылығы ерекше мән беріп отырған басым бағыттардың бірі. 2025 жылдың соңына дейін өңірде газдандыру деңгейі 71,4% болып, Панфилов ауданын қоса алғанда, Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі 500 мыңнан астам халқы бар 126 елді мекен газға қол жеткізе алады.

Сурет: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар 2024 жылдың тамыз айында "Талдықорған-Үшарал" магистралды газ құбырының құрылысы басталды. Биылғы жылдың күзінде аяқталады деп күтілуде. Бұл жобаны іске асырудың нәтижесінде Алакөл, Ақсу, Сарқан аудандарының 66 елді мекені газбен қамтамасыз етілмек.

"Сондай-ақ алдағы уақытта облысты табиғи газбен қосымша қамтамасыз ету үшін "Алматы – Талдықорған" лупингісінің (екінші тармағы) құрылысын салуға қатысты дайындық жүргізілуде." Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сурет: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жалпы, 2028 жылға қарай Жетісу облысында газдандыруға жататын 192 елді мекенге толықтай газ тартылады.

Сурет: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соның арқасында 624 мыңнан астам тұрғын немесе өңір халқының 91%-ы көгілдір отынға қол жеткізе алады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!