Алматыда мотоцикл апатынан ерлі-зайыпты жұмысшы мен олардың жас әріптесі қайтыс болды

09:39, 9 сәуір 2025

© Сурет: Zakon.kz

Алматыда 9 сәуірге қараған түні Рысқұлов даңғылында Suzuki Ninja мотоциклінің соқтығысуы салдарынан коммуналдық қызметтің үш жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Suzuki Ninja мотоциклі Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатқан, ал оның алдында Mercedes e-class автокөлігі келе жатты. Мотоцикл жүргізушісі көліктің оң жағынан айналып өтпек болған, алайда жылдамдығын да, айналу жолын да есептемеген.

Сурет: Zakon.kz

Осылайша, Mercedes-ке ілігіп қалған мотоцикл жол жиегіне шығып, қарсы жаққа қарай ұшып кеткен. Ал, бұл уақытта, ол жерде жұмыстарын бітіріп, демалып отырған үш жол жұмысшысы отырған.

Сурет: Zakon.kz

Мотоцикл үшеуін де басып өтті. Тіпті, бір жұмысшының аяқ киімі жыртылып кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Апат салдарынан екі ер жұмысшы дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында қайтыс болды. Ал, олардың бірінің әйелі ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды, алайда оны да құтқару мүмкін болмаған.

Сурет: Zakon.kz

Осылайша, жүргізушінің олқылығынан осы маңда жұмыс істейтін жас қызметкер мен ерлі-зайыпты жұмысшы көз жұмды.

Сурет: Zakon.kz

Мотоцикл жүргізушісі болса, бар болғаны денесін аздап сырып алған.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері, криминалист, анықтаушы жұмыс істеді.

Бұған дейін 8 сәуірде Алматыда Тәтібеков көшесінде Бестужев пен Сырымбет көшелерінің аралығында №207 бағыттағы қалалық автобус пен Mazda 3 көлігі соқтығысқаны жайлы жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!