Жеңіл өнеркәсіп тауарлары ұлттық режимнен алып тасталатын тізімге енгізілді
© Фото: akorda.kz
Үкімет 2026 жылғы 4 наурызда "Ұлттық режимнен алып тастау мәселелері туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттерден әкелінетін жеңіл өнеркәсіп тауарларына ұлттық режимнен алып тастау енгізілетіні көрсетілген. Бұл талап Қазақстан аумағында өндірілмейтін тауарларға, сондай-ақ шетелдік әлеуетті жеткізушілер орындайтын жұмыстар мен көрсететін қызметтерге қолданылмайды.
Сондай-ақ құжатта мемлекеттік сатып алуға қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғалар ғана қатыса алатыны айтылған.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу арқылы 10 жұмыс күні ішінде тиісті тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің тізбесін бекітіп, оны мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға ұсыну тапсырылды.
Қаулы 2026 жылғы 11 наурыздан бастап күшіне енді және екі жыл бойы қолданыста болады.
Бұған дейін ұлттық режимнен алып тастау машина жасау саласының, сондай-ақ химия, металлургия, құрылыс және жиһаз өнеркәсібі тауарларына да енгізілуі жоспарланып отырғаны хабарланған еді.
Айта кетейік, ұлттық режимнен алып тастау – белгілі бір тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер бойынша шетелдік жеткізушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеу. Бұл шара ішкі нарықты қорғау, ұлттық экономиканы дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:54, 12 наурыз 2026
Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау тәртібіне өзгерістер енгізілді
-
10:45, 12 наурыз 2026
Алматыда Adem сауда орталығы маңында қойма өртенді
-
10:34, 12 наурыз 2026
Қазақстандықтарға атаулы әлеуметтік көмек қашан тағайындалады
-
10:23, 12 наурыз 2026
Трамптың мінбердегі сәтінде жанкүйері есінен танып қалды
-
10:14, 12 наурыз 2026
Рыбакина мен Пегула танымал турнирдің ширек финалында кездеседі





