Желіде Баянауылдағы шипажайдың жабылатындығы туралы ақпарат тарады

16:39, 18 маусым 2021

© Сурет: stopfake.kz

Қазақстандықтарды желідегі Баянауылдағы атақты шипжайдың жабылатындығы туралы хабар алаңдатып қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

StopFake.kz қазіргі уақытта шипажайдың демалушылар үшін ашық екенін хабарлайды.

Қазақстандықтардың сүйікті демалыс орны аумағына карантин енгізу жоспарланып отырған жоқ.

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Павлодар облысының Баянауыл ауданы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймақта орналасқан. Бүгінгі таңда облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұған қарамастан, барлық азаматтарды ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің барлық санитарлық талаптарын сақтауға шақырамын, – деді ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!