Желді, жаңбырлы: 5-7 шілдедегі ауа райы болжамы

13:10, 4 шілде 2022

© Сурет: Zakon.kz

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды: 7 шілдеге дейін еліміздің басым бөлігінде жел соғып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның көптеген өңірінің ауа-райына Оңтүстік циклон әсер етеді: желді, жаңбырлы болады. 5 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста, солтүстікте, 6 шілдеде солтүстік-батыста, республиканың орталығында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. «Қазгидромет» РМК

Синоптиктердің болжауынша, 7 шілдеде еліміздің батыс өңірлерінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен жауын-шашын тоқтайды.

Ауа температурасының күндіз батыста +18+26°С-тан +23+31°С-қа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте +15+23°С-тан +20+28°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.«Қазгидромет» РМК

Маңғыстау облысында +23+28°С, Маңғыстау облысының оңтүстігінде +31°с, елдің орталығында +20+28°С, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде +33°С, республиканың шығысында ауа температурасы +22+29°С, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +33°С, Қазақстанның оңтүстігінде +30+37°С-тан +25+33°С-қа дейін төмендеуі, елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы +28+33°С, таулы аудандарда +23°С күтіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!