Жеке тұлғалардың ақша аударымдарынан салық алынбайды - МКД

12:20, 25 ақпан 2021

© Сурет: zakon.kz

Мобильді қосымшалар арқылы жедел аударымдардың арқасында қолма-қол ақша айналымының көп бөлігі қолма-қолсыз ортаға көшті. Алайда, бұл қызмет жеке тұлғалар арасындағы жеке аударымдар үшін жасалған және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналмаған, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бүгінгі күні мобильді аударымдарды тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлем қабылдау кезінде кәсіпкерлер кеңінен қолданады. Бизнес өкілдерінің кейбірі бұл қызмет арқылы нақты айналымдарын жасырады. Микро-шағын бизнесті үш жыл бойы табыс салығынан босатқанына қарамастан мұндай заңсыз әрекеттер жиі кездеседі. Мемлекеттік кірістер комитеті трансферттер мен төлемдерді бөлу және фискалдау бойынша бірқатар шешімдер әзірлеп жатыр. Бұл кәсіпкерлердің жеке аударымдары мен кәсіпкерлік трансферттерін ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл жаңашылдық тек бизнес өкілдеріне ғана қатысты. Жеке тұлғалардың жеке аударымдарына әсер етпейді, салық салынбайды", делінген Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) хабарламасында.

Кәсіпкерлік қызметтегі аударымдар мен төлемдерді қабылдау үшін Комитет бизнеске бөлек шоттар пайдалануды ұсынады.

"Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке арналмаған шоттарды пайдаланып табыс алу белгілерін анықтайтын, тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосуды ұсынып отыр. Мысалы, бір адамның күн сайын бірнеше адамнан аударымдарды ұзақ уақыт бойы алуы кәсіпкерлік қызметтің белгілері ретінде танылуы мүмкін. Жалпы, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін жасалған төлем белгілерін анықтау бойынша жұмыс басталды және екінші деңгейлі банктермен, "Атамекен" ҰКП-мен және бизнес қауымдастықпен бірлесіп талқыланады", - дейді құзырлы ведомствадағылар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!