Жеке суреттерді таратамын: Оралдық әйел ер адамнан жарты миллион теңге ақша бопсалаған

10:56, 14 мамыр 2026

© Фото: pexels

БҚО полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ер адамнан ақша бопсалады деген күдікпен облыс орталығының 31 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы 2026 жылғы 13 мамырда өңірдегі ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел адам жеке фотосуреттерді таратамын деп қорқытып, ақпаратты жарияламау үшін 500 мың теңге талап еткен.

Күдікті полиция қызметкерлерімен ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақша қаражаты мен заңға қайшы әрекеттердің дәлелі бар телефон тәркіленді.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Оралда жас полицей қыз зорлады деген күдікке ілінгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!