Жеделсатыны бүлдірген қарағандылық 10 тәулікке қамалды

22:06, 1 желтоқсан 2021

© Zakon.kz

29 жастағы ер адамды полиция қызметкерлері тауып, ұстады.

Қарағандыда жеделсатыны бүлдірген ер адамға қандай жаза тағайындалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 қарашада Қарағанды қаласы ПД-ның Оңтүстік-шығыс бөліміне көпқабатты үйлердің бірінде белгісіз біреу жеделсаты есігін сындырғаны туралы хабарлама келіп түсті.

29 жастағы ер адамды полиция қызметкерлері тауып, ұстады.

Мамандандырылған соттың шешімімен ер адам ерсі әрекеті үшін он тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Облыс тұрғындарына осындай заңсыз әрекет үшін заңмен белгіленген жауапкершілік қарастырылатынын хабарлаймыз. Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзулин

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!