Ер адам көршісінің кішкентай баласы арқылы әйелдің атына несие рәсімдеген
© Фото: freepik
Ресейде балаға ойын ойнау үшін берілген смартфон арқылы оның анасының атына несие рәсімделген. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Пенза облысының Сердобск аудандық полиция бөліміне 49 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген. Әйел банк шотынан шамамен 30 мың рубль (шамамен 165 мың теңге) жоғалғанын айтқан.
Қылмыстық іздестіру қызметкерлері көп ұзамай күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің 21 жастағы көршісі болып шықты.
"Күдікті әйелдің кішкентай баласына ойнау үшін ұялы телефонын беретінін пайдаланған. Ол "мен де ойнағым келеді" деген сылтаумен телефонды баладан алып, банк қосымшасы арқылы құрылғы иесінің атына несие рәсімдеген. Кейін ақшаны қолма-қол алып, жеке қажеттілігіне жұмсаған", – делінген Пенза облысы полициясының хабарламасында.
Бұл дерек бойынша банк шотынан ұрлық жасау фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Енді күдіктіге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Бұған дейін, 2026 жылғы 23 қыркүйекте, Бас прокуратура алаяқтықтың кең тараған тәсілі туралы ескерткен еді. Алаяқтар өздерін ҚР Ұлттық банкінің қызметкерлері ретінде таныстырып, "алаяқтардан қорғаймыз" деген сылтаумен азаматтардың ақшасын иемденеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:20, 28 қыркүйек 2026
Жаяу жүргіншілер көлік соқтығысынан әрең қашып үлгерді: Астанадағы жол апаты видеоға түсті
-
11:11, 28 қыркүйек 2026
Белгілі миллионер оталып тұрған көліктің рөлінде мас күйінде табылып, қамауға алынды
-
11:01, 28 қыркүйек 2026
Қазақстанның оңтүстігінде жасөспірім ауыл тұрғынына пышақпен шабуыл жасады: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
-
10:45, 28 қыркүйек 2026
Қазақстанда екі орман өрті тіркелді
-
10:21, 28 қыркүйек 2026
Ақтауда жүк көлігі жолдың жабылуына себеп болды





